Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының 17 мыңнан астам тұрғыны көлік салығын төлемеген

Павлодар облысының 17 мыңнан астам тұрғыны көлік салығын төлемеген

Aug 13, 2025 | Жаңалықтар


Өңір тұрғындарының тек былтырғы жылдағы берешегі 870 млн теңгеден асты.

@pavlodar.rsk алаңында Жеке тұлғалар үшін мүлік салығын төлеу жағдайы туралы мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері айтып берді. Көлік салығын уақытылы төлемегендерге тиісті хабарламалар жіберілді.

  • Осыдан кейін де салық төленбесе, салық бұйрығы қалыптастырылып, салық төлеушіге жіберіледі және ол 5 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс, – деп атап өтті ведомствоның өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Уәлиев. – Әйтпесе, салық бұйрығы өндірістік іс жүргізуді қозғау және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушылар палатасына (ЖСО) жіберіледі.

ЖСО-ға мәжбүрлеп орындату үшін 78 млн теңгеден астам сомаға 916 салық бұйрығы жіберілген. Оның ішінде 31 млн теңгеге жуығы өндірілді.