Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында жыл басынан бері жаңадан өздігінен пайда болған 205 қоқыс полигоны анықталды

Павлодар облысында жыл басынан бері жаңадан өздігінен пайда болған 205 қоқыс полигоны анықталды

Oct 16, 2024 | Жаңалықтар


Ғарыштық мониторинг деректері бойынша бүгінгі күні 186 полигон жойылған.

Облыстық табиғатты қорғау басқармасының өкілдері @pavlodar.rsk алаңында стихиялық қоқыс алаңдарының жағдайы туралы айтты. Бүгінгі таңда Павлодар облысында санитарлық және құрылыс нормаларына сәйкес келмейтін және экологиялық рұқсаты жоқ 316 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Жаңадан пайда болған стихиялық полигондарға келетін болсақ, олар «Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыштық мониторингі арқылы анықталады.

– Жыл басынан бері облыста рұқсат етілмеген 205 қоқыс полигоны анықталды, – дейді табиғатты қорғау басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сыздықов. – «Қазақстан Ғарыш Сапарының» мәліметінше, қазірдің өзінде рұқсат етілмеген 186 қоқыс полигоны жойылған. Бұл анықталған объектілердің жалпы санының 93 пайызын құрайды.

Мамандар Экологиялық кодекс талаптарын орындамаған жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтады. Ағымдағы жылы жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша 8 мемлекеттік мекеме 1,4 млн теңге айыппұл түрінде, сондай-ақ 5 лауазымды тұлға 149 мың теңге көлемінде жауапкершілікке тартылды.