Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында соңғы екі жылда онлайн-казино ұсыныстары бар 700-ден астам сайт жабылды

Павлодар облысында соңғы екі жылда онлайн-казино ұсыныстары бар 700-ден астам сайт жабылды

May 12, 2026 | Жаңалықтар


2024 жылдан бастап өңірлік Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде ойын бизнесі мен лотереяны реттеу саласы бойынша 12 әкімшілік материал қозғалды.

Заңсыз ойын бизнесі мен лудомания мәселелері туралы @pavlodar.rsk алаңында ЭТД басшысының орынбасары Ғалиасқар Қасымов пен ведомствоның бірінші жедел басқармасының басшысы Жоламан Қиналбеков айтып берді.

– Бүгінгі таңда заңсыз құмар ойындарға байланысты кез келген жарнама нысанына, соның ішінде әлеуметтік желілердегі жарнамаға тыйым салынған, – деді Ғалиасқар Қасымов. – Бұған дейін заңсыз бизнес ұйымдастырушылары онлайн-ойындарды реттеудің нақты тетіктерінің болмауы сияқты заңнамадағы олқылықтарды пайдаланып, жауапкершіліктен жиі жалтаратын. 2024 жылы енгізілген жаңа түзетулер бұл олқылықтарды жойып, ойын қызметінің барлық аспектілеріне бақылауды күшейтті.

Бүгінгі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін айыппұлдар 2 еседен астам өсіп, 2 мың АЕК-ке немесе шамамен 7,9 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, заңсыз бизнеске қатысатын ұйымдасқан қылмыстық топтар үшін жазаның максималды мерзімі 7 жылға дейін ұзартылды. Заңсыз қызметтен түскен барлық табыс міндетті түрде тәркіленеді. Сонымен қатар, қаржы ағындарына бақылау күшейтілді — енді банктер мен қаржы ұйымдары ойын бизнесіне қатысты күмәнді транзакциялар туралы ақпарат беруге міндетті.

Ойын бизнесіне қарсы күрес аясында соңғы екі жылда Қазақстан бойынша жалпы 95 заңсыз мекеме, онлайн-казино, покер үстелдері мен терминалдар жойылды. Жалпы айналымы 1,5 триллион теңгені құрайтын онлайн-казинолардың қызметіне тосқауыл қойылды. Алдын алу шаралары ретінде 17 мыңнан астам сайт пен аккаунт бұғатталып, 107 әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ 30,9 миллион теңге сомасына айыппұл салынды.