Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында мемлекеттік архив қорының 15%-ы цифрланды

Павлодар облысында мемлекеттік архив қорының 15%-ы цифрланды

Aug 5, 2025 | Жаңалықтар


Жыл сайын мамандар 40 мыңға жуық архив бірліктерін цифрлық форматқа ауыстырады.

Облыстық мемлекеттік архивтің басшысы Бақыт Смақовтың айтуынша, бүгінде өңірдегі 1,1 миллион құжаттың 165 мыңнан астамы цифрландырылған. Бұл ретте, архивистер деректерді жай ғана компьютерге енгізбейді – олар мұрағаттың цифрлық құрылымын жасайды, онда әрбір есепке алу бірлігі қорлармен, тізімдемелермен, хронологиямен және типологиямен жүйелі түрде байланысты.

•⁠ ⁠Бұл ақпарат жоғалмайтын, қолжетімді, логикалық тұрғыдан ұйымдастырылған, талдауға, іздеуге және пайдаланушыларға ұсынуға жарамды бірыңғай цифрлық кеңістікті қалыптастырады, – деді спикер. – Барлық цифрлық көшірмелер міндетті сапа тексеруінен өтеді және уақыт өте келе ақпараттық жүйедегі тиісті сақтау бірліктеріне қоса беріледі. Біз Бірыңғай электрондық мұрағатқа ішкі пайдалануға қолжетімді 60 мың мұрағат бірлігін енгіздік, олар болашақта арнайы порталдар арқылы сыртқы қолжетімділікке ашық болады.

Мамандар атап өткендей, мұрағат – бұл тек құжаттар ғана емес. Бұл – тілдің, тарихтың, менталитеттің және халық жадының тасымалдаушысы. Сондықтан архив деректерін цифрландыру – бұл мәдени мұраны және ұлттық тілдерді сақтау мен дамытудың жалпы стратегиясының бір бөлігі.