Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында Крещение мерекесіне орай 14 су айдыны дайындалады

Павлодар облысында Крещение мерекесіне орай 14 су айдыны дайындалады

Jan 15, 2026 | Жаңалықтар


Дәрігерлер жерлестерін ағзаны стреске түсірмеуге және салқын суға түсуден бас тартуға шақырады.

Өңірде басты христиан мерекелерінің бірі қалай аталып өтетіні туралы @pavlodar.rsk алаңында айтылды. 18 қаңтарда Павлодар облысының храмдарында дәстүрлі құдайға құлшылық ету рәсімдері өтеді. Одан кейін барлық жерде суды киелі ету жоралғысы жасалады.

— Крещение кезінде суға түсуге келетін болсақ, көбісі үшін бұл экстремалды ермек немесе әлеуметтік желілер үшін жақсы сурет немесе видео түсірудің реті ғана, — деп атап өтті Павлодар және Екібастұз епархиясы Благовещенск кафедралды соборы епархиялық жиналысының хатшысы, протоиерей Алексей. — Бұл жерде рухани қауіп те бар, өйткені кейбіреулер осылай суға шомылу арқылы барлық күнәларым кешіріледі деп есептейді. Бұл үлкен қате түсінік — ешқандай шомылу тәубеге келу рәсімін алмастыра алмайды.

Бүгінгі таңда өңір аумағында бірден 14 су айдыны дайындалуда. Иордань жанында дәстүрлі түрде Төтенше жағдайлар департаменті мен жедел жәрдем өкілдері кезекшілік етеді. Дәрігерлер суық суға шомылу ағза үшін үлкен стресс екенін, ол тіпті сау адамның өзінде кенеттен жүректің тоқтап қалуына немесе тыныс алу жолдарының түйілуіне (спазм) әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді. Мамандар жүрек-қан тамырлары, тыныс алу мүшелері, орталық жүйке жүйесі аурулары, созылмалы қабыну процестері (бүйрек аурулары, гинекологиялық аурулар) бар адамдарды және ЖРВИ немесе тұмаудың кез келген белгілері байқалған жағдайда суға түсуден үзілді-кесілді бас тартуды сұрайды.

ТЖ қызметінің өкілдері Павлодар облысының тұрғындарын Крещение мерекесінде тек құтқарушылар мен медициналық бригадалар кезекшілік ететін ресми жабдықталған жерлерде ғана суға түсуге шақырады. Төтенше жағдай орын алғанда, бұл жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.