Ағымдағы жылдың басынан бері облыста 433 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, құрбандар мен зардап шеккендер бар. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 143 жағдайға аз.
ӨКҚ алаңында жол-көлік оқиғаларының статистикасы талқыланды. 2023 жылы Павлодар облысында жазатайым оқиғалардан 538 адам зардап шексе, оның 70-і қайтыс болды.
– Өлім санының көбеюі мас жүргізушілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында байқалады, – деді полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Евгений Бровко. – Осындай 22 жол-көлік оқиғасында 14 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алған.
Облыста кәмелетке толмағандардың қатысуымен 85 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ағымдағы жылы Павлодар облысының жолдарында болған апаттан үш бала қаза тауып, тағы 98 бала түрлі дене жарақаттарын алған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, адам өлімімен немесе жарақаттанған жол апаттарының көбі Павлодар мен Екібастұзда тіркеледі. Облыстағы екі қалада осындай 433 оқыс оқиғаның 313-і орын алған.