Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында 7,5 мыңға жуық тұрғынның еңбекке қабілеттілігі және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдері индекстелді

Павлодар облысында 7,5 мыңға жуық тұрғынның еңбекке қабілеттілігі және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдері индекстелді

Mar 10, 2026 | Жаңалықтар


Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 10%-ға индекстелді.

Оң өзгерістер туралы @pavlodar.rsk алаңында айтылды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры облыстық филиалының басшысы Айгүл Кәпенованың айтуынша, бүгінгі таңда Павлодар облысында әлеуметтік сақтандыру жүйесінің 282 мыңға жуық қатысушысы бар. Бұл — жұмыс берушілер олар үшін әлеуметтік аударымдар жасап отырған 147 мың ер адам және 135 мың әйел. 2025 жылы өңір бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алушылардың саны 43 мыңнан асты, ал төлем сомасы 25 млрд теңгеден астам болды.

– 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 10%-ға индекстелді. Бұл индексация аталған бірінші санат бойынша 2952 адамды, ал екінші санат бойынша 3438 адамды қамтыды, — деп еске салды спикер.