Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында қызметтік иттердің көмегімен 100-ден астам қылмыс ашылды

Павлодар облысында қызметтік иттердің көмегімен 100-ден астам қылмыс ашылды

Jun 25, 2026 | Жаңалықтар


Төрт аяқты полицейлер көбінесе есірткімен күреске және жоғалған адамдарды іздеуге тартылады.

Бүгінгі таңда Павлодар облысы полиция департаментінің кинологиялық қызметінде 16 қызметтік-іздестіру иті бар. Құқық қорғау органдарының әрбір төрт аяқты қызметкері есірткі заттарын іздеу, ізге түсу, жарылғыш заттарды анықтау және объектілерді күзету сияқты нақты тапсырмаларды орындайды. 2026 жылдың басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 100-ден астам қылмыс ашылды, оның 40-ы есірткімен күрес саласына тиесілі.

Жұмыс тиімділігін арттыру және қызметкерлердің кәсіби өсуі үшін өңірлік полицияның орталық кинологиялық қызметі тұрақты түрде практикалық сабақтар мен одорологиялық сәйкестендіру бойынша іріктеулер ұйымдастырып тұрады. Мұндай іс-шаралар иттердің де, олардың тәлімгерлерінің де дағдыларын шыңдауға көмектеседі.