Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Нөлден алғашқы тапсырысқа дейін: мемлекеттік қолдау павлодарлық бизнеске қалай көмектесуде

Нөлден алғашқы тапсырысқа дейін: мемлекеттік қолдау павлодарлық бизнеске қалай көмектесуде

Sep 29, 2026 | Жаңалықтар


Павлодар облысының кәсіпкерлері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қаржылық құралдарының арқасында өз ісін қалай бастай алғандары туралы айтып берді.

«Dessin» жиһаз фабрикасы екі бұрауыштан (шуруповерт) басталған болатын — Иван Косенко әріптестерімен бірге кереуеттерді, үстелдер мен комодтарды қолмен жинайтын. Уақыт өте келе процесті автоматтандыру идеясы келді — бұған «Даму» қоры арқылы несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау аясында алынған қарыз қаражаты көмектесті. Бүгінде кәсіпорында бірнеше станок, соның ішінде сандық бағдарламалық басқаруы (СББ) бар бір станок жұмыс істеп тұр.

Мемлекеттік қолдауға «River Stone» қонақүй кешенінің жетекшісі Лариса Денцель де жүгінді. Жаңа бутик-отельдің жұмыс істеп жатқанына бір жылға жуықтады. Жақын арада 16 бөлмеге арналған бұл қонақүй толық қуатында жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар, қазірдің өзінде отельдің тұрақты қонақтары, соның ішінде шетелден келетін меймандары бар.