
«Даму» қорының қаржы құралдары бизнесті дамытуға қалай көмектесетіні туралы аккумуляторларды қайта өңдеу зауыты және металл тор шығаратын кәсіпорынның басшылары айтып берді.
«Tandem Recycling» кәсіпорнының басшысы Игорь Горбачевтың айтуынша, зауыт жақын арада толық қуатында жұмыс істей бастайды. Пайдаланылған аккумуляторларды қайта өңдеу кезінде олардың корпустарынан полипропилен алынады, кейін одан кәріз құбырлары жасалады. Зауыт нөлден бастап, оның ішінде «Даму» қорының қолдауымен салынды. Бизнесті қолдау институты 195,5 миллион теңге мөлшерінде – яғни, несие сомасының 85%-ы көлемінде кредиттік кепілдік берді.
«АльфаСетка» ЖШС жетекшісі Игорь Ефремов мемлекеттік қолдау есебінен кәсіпорында жабдықты жаңартуға мүмкіндік пайда болғанын айтты. Бұл – екі станок желісі, оның біреуі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Бұл металл бұйымдарының ассортиментін кеңейтуге ықпал етті. Мысалы, бұл кәсіпорын қазір Қазақстандағы ұяшығы 100 мм-ге дейінгі тор шығаратын бірден-бір зауыт десе де болады.










