Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Медальға барар ұзақ жол: павлодарлық оқушылар олимпиададағы табыстың сырымен бөлісті

Медальға барар ұзақ жол: павлодарлық оқушылар олимпиададағы табыстың сырымен бөлісті

Apr 28, 2026 | Жаңалықтар

Оқу жылы әлі аяқталмаса да, Павлодар облысының оқушылары халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда 31 медаль, ал республикалық деңгейде 173 марапат жеңіп алып үлгерді.

Павлодар облысының мектеп оқушылары көптеген жылдар бойы еліміздегі олимпиадалық қозғалыстың көшбасшыларының бірі саналып келеді. Соңғы екі онжылдықта өңірдің олимпиадалық құрамасы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстанның «Үздік командасы» деп танылып келеді. Биыл павлодарлықтар Гран-при иеленді.

Бұл нәтижелер дарынды балалармен жүргізілген ұзақ әрі жүйелі жұмыстың арқасында мүмкін болды. Өңірде оқушыларды зияткерлік жарыстарға дайындаудың мектепке дейінгі конкурстардан бастап, пәндік олимпиадалар мен жасөспірімдер арасындағы турнирлерге дейінгі кезең-кезеңімен дамыту жүйесі жұмыс істейді. Ауыл оқушылары үшін «Ауыл мектебі» жобасы іске асырылуда.

Олимпиада шыңдарын бағындырған оқушылардың айтуынша, бұл жол төзімділік пен тұрақты ақыл-ой еңбегін қажет етеді. Егер қарапайым оқушы үшін сабақ 5-6 сағатпен шектелсе, олимпиадашыларға бүкіл бос уақытында дерлік ғылым шыңын игеруге тура келеді. Сондықтан олар достарымен жиі серуендеуден және басқа да қызықтардан, әсіресе конкурстар қарсаңында бас тартады.

Табыстың тағы бір маңызды құрамдас бөлігі — педагог. Балалардың айтуынша, оқушы мен оның тәлімгері арасында шынайы үйлесім қалыптасуы өте маңызды. Сондай-ақ, отбасының қолдауын да ұмытпаған жөн — бала қиналған сәтте оған ата-анасы демеу болады.