Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Маусымдық бағаның өсуі кезінде С-1 санатындағы жұмыртқаның бағасы тежеледі

Маусымдық бағаның өсуі кезінде С-1 санатындағы жұмыртқаның бағасы тежеледі

Dec 22, 2023 | Жаңалықтар


Тиісті меморандумға Құс өсірушілер одағы мен Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығына қарасты кәсіпорындар қол қойды.

Павлодар облысы ӨКҚ алаңында Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің өкілдері сөз сөйледі. Жұмыртқа өнімдерінің бағасы көтерілгеннен кейін олар өз бетінше талдау жүргізіп, нарықта басым орынға ие болып отырған Павлодар-Құс және Шарбақты-Құс кәсіпорындарына хабарлама жіберді.

– Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері С-1 санатындағы жұмыртқаның құны 6,7%-ға өсті, – деді ведомствоның бәсекелестікті дамыту басқармасының басшысы Әсел Нысанбекова. – Кәсіпорындар біздің хабарламаларымызға жауап ретінде Қазақстан құс өсірушілер одағы мен Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының мүшелері тиісті өнімнің бағасын бақылау туралы келісімге қол қойғанын хабарлады. Қараша айынан бері облысымызда бұл өнімдердің бағасы көтерілген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші санаттағы жұмыртқалар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне енгізілген.