Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Аққулы ауданында бақша дақылдарының мол өнімі жиналды

Аққулы ауданында бақша дақылдарының мол өнімі жиналды

Dec 22, 2025 | Жаңалықтар

Павлодар облысындағы негізгі қарбыз өндірушілер өнімділікті шамамен үштен бірге арттырды.

@pavlodar.rsk алаңында Аққулы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімі Руслан Мұқанов айтып берді. Ол биылғы жылы жалпы өнімділік орташа көпжылдық көрсеткіштер деңгейінде қалыптасқанын атап өтті. Бұл ретте бақша дақылдары бойынша 426,8 ц/га нәтижеге қол жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31,2%-ға жоғары. Мамандар мұндай нәтижелерге қолайлы ауа райы жағдайлары мен заманауи агротехникалық тәсілдерді қолданудың арқасында қол жеткізілгенін түсіндіреді.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін одан әрі арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында бірден төрт перспективалы жобаны іске асыру жоспарланған. Соның бірі — Бесқарағай ауылындағы суару жүйесін жаңғырту. 630 гектар аумақта сорғы станциялары жаңартылып, 10 шақырым су құбыры тартылады. Жоба картоп пен жоңышқа өндірісін ұлғайтуға бағытталған. Сондай-ақ, 5 мың басқа және 1 мың бас ұсақ малға арналған екі бордақылау алаңын ашу жоспарлануда. Төртінші жоба — құрамында жанармай құю станциясы, ТҚКО, дүкен және дәмханасы бар жаңа жол бойындағы қызмет көрсету нысанын іске қосу.