Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында 100 салық төлеушінің әкімшілік айыппұлы кешірілді

Павлодар облысында 100 салық төлеушінің әкімшілік айыппұлы кешірілді

Aug 3, 2026 | Жаңалықтар


Өңір тұрғындары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылыққа ілікті.

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған рақымшылықты жүзеге асыру туралы @pavlodar.rsk алаңында Мемлекеттік кірістер департаменті заң басқармасының басшысы Әсем Дүйсембекова мен осы ведомствоның түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Төлеген Шаймарданов айтып берді.

Айыппұлды есептен шығару критерийлері:

• Айыппұл сотпен емес, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасымен салынған.

• Айыппұл 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша орындалмаған (толық немесе ішінара төленбеген).

• Құқық бұзушылық Рақымшылық туралы заңның 8-бабында белгіленген ерекшеліктер тізіміне кірмейді.

ӘҚБтК-нің 720-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қарайтын процедуралық және ауырлығы төмен әкімшілік құқық бұзушылықтар рақымшылыққа ілігеді:

• Тіркеу мерзімдерін бұзу – тіркеу есебіне қою туралы өтініш беру мерзімін өткізіп алу.

• Арнайы режимдердегі қателіктер – арнаулы салық режимін заңсыз қолдану.

• Қызметті тоқтата тұру кезіндегі қызмет – есептілікті ұсынуды ресми тоқтата тұру кезеңінде жүзеге асырылған қызмет.

• Декларацияларды кешіктіру – салықтық есептілікті уақтылы ұсынбау (егер бұл үшін айыппұл салынған болса).

• БҚМ бойынша бұзушылықтар – бақылау-касса машиналарымен байланысты барлық бұзушылықтар (чек бермеу, кассадағы қолма-қол ақшаның сәйкес келмеуі және т.б.).

• Кедендік ресімдеулер – МКО қараған кеден ісі саласындағы әкімшілік істердің басым бөлігі (кедендік бақылау аймағы режимін, декларация тапсыру мерзімдерін, тауарларды сақтау тәртібін бұзу және т.б.).

• ЕАЭО-дағы импорт/экспорт кезіндегі бұзушылықтар – Кеден одағы ішінде тауарларды тасымалдау кезіндегі міндеттерді орындамау (салық салу объектілерін жасыруды қоспағанда).

Рақымшылық жүргізу тәртібі

Салық төлеушілерге өтініш берудің немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті жоқ. Салықшылар тиісті қаулылардың орындалуын өздігінен тоқтатады. Рақымшылыққа ілігетін істер бойынша барлық атқарушылық өндірістер тоқтатылуға тиіс. Мемлекеттік органдарға барлық процедураларды жүргізу үшін заң күшіне енген күннен бастап 6 ай уақыт берілген.