Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында бидайдың «көлеңкелі» импорты мен экспортының жолы кесілді

Павлодар облысында бидайдың «көлеңкелі» импорты мен экспортының жолы кесілді

Aug 14, 2025 | Жаңалықтар


Аймақтық экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде қазақстандық бидай түріндегі белгісіз бидайды экспорттауға қатысты екі іс бар. Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы @pavlodar.rsk алаңында айтып берді.

Ресей Федерациясына қарсы халықаралық санкциялар енгізілгеннен кейін қазақстандық трейдерлер көрші елден арзан бидай импортын едәуір арттырып, оны Орталық Азияға экспорттауды жолға қойды. Отандық өндірушілерді қорғау үшін Ресейден астық әкелуге уақытша шектеу шаралары енгізілді. Алайда, шетелдік өнімді Қазақстанға әкеліп, оны отандық шикізат түрінде әкету әрекеттері тоқтаған жоқ.

– Ресей Федерациясынан бидайды автокөлікпен әкелу кезінде декларацияланған тауардың көлемі төмендетіледі, сол арқылы импорттаушы ҚҚС төлеуден жалтарады және ел бюджетіне зиян келтіреді, – деп атап өтті экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Ринат Арғынбеков. – Кейін әкелінген астық халықаралық көлік тарифін төлемеу мақсатында қазақстандық шикізат түрінде үшінші елдерге экспортталады. Мысалы, егер бидайды Павлодардан Ауғанстанға Түркістан облысының Сарыағаш станциясы арқылы экспорттаса, онда бір теміржол вагоны үшін тасымалдау тарифі 448 мың теңгені құрайды. Ал транзиттік тариф 1,8 млн теңгеден асады.

Былтыр Экономикалық тергеу департаментінің мамандары астықтың көлеңкелі импорты мен экспортына байланысты 22 қылмыстық іс тіркеді. Биыл құқық қорғаушылардың өндірісінде осындай екі қылмыстық іс бар.