Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 санат жоқ 9 2025 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бойынша Тереңкөл ауданындағы екі ауыл абаттандырылады

2025 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бойынша Тереңкөл ауданындағы екі ауыл абаттандырылады

Oct 17, 2024 | санат жоқ


Республикалық бағдарлама аясында Песчаное және Ивановка ауылдарында 1,8 млрд теңгеге жуық қаражатқа бірден 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

@pavlodar.rsk алаңында Тереңкөл ауданының әкімі Азамат Манғұтов ауылдық аумақты дамыту жоспарларымен бөлісті. Ол келесі жылы No2 Песчанская орта мектебі мен Ивановкадағы мектепті күрделі жөндеуден өткізуді көздеп отырғандарын атап өтті. Сондай-ақ Песчаныйда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, ал Ивановкада ауылдық мәдениет үйінің құрылысын бастайды.

– Песчаное ауылында демеушілік қаражат есебінен 101 миллион теңгеге жарықтандыру, 10 миллион теңгеге көше жарығын орнату жоспарлануда, – деді спикер. – Сондай-ақ Ивановкада шағын футбол алаңын салуға облыстық бюджеттен 18 миллион.

Соның ішінде аудан басшылығы екі ауылдың 7 шақырымнан астам ауылішілік жолын жөндеуді көздеп отыр.

Ал Тереңкөлдің өзге елді мекендеріне келсек, Калиновка ауылына кіре беріс 3 шақырым жолды жөндеуге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған. Аудандық «Оқушылар үйін» күрделі жөндеу жобасы да қолдау тапты.

Сонымен қатар, ауданда жүзу бассейнінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу, бұрынғы туберкулезге қарсы диспансердің ғимаратын қайта жөндеу және оған емхана қосу, сонымен қатар Береговое ауылға кіреберіс жолды орташа жөндеу жоспарлануда.