Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Ақсу қаласындағы тұрғын үйлерге 2 қазаннан бастап жылу беріле бастайды

Ақсу қаласындағы тұрғын үйлерге 2 қазаннан бастап жылу беріле бастайды

Sep 28, 2023 | Жаңалықтар


Қала әкімі Нұрлан Дүйсімбинов Ақсу қаласының жаңа жылу маусымына дайындығы туралы айтты.

Биылғы жылы Ақсу ферроқорытпа зауыты аумағында жұмыс істеп, қаланы жылумен қамтамасыз ететін No2 орталықтандырылған жылу қазандығындағы барлық жөндеу жұмыстары қазанның 15-не дейін аяқталуы тиіс. Бір қазандық агрегатқа күрделі жөндеу, тағы үш қазандыққа ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сонымен бірге, 25 қыркүйектен бастап Ақсу қаласындағы әлеуметтік нысандарға АЖҚ-2 жылуы беріле бастады. 

– Тұрғын үй қорын айтатын болсақ, қаладағы 264 үйдің жылу жүйелері толықтай тексеріліп, қысым көрсетілді, – дейді Нұрлан Дүйсімбинов. – Көпқабатты үйлерге 2 қазаннан бастап жылу беріле бастайды, тиісті қаулыға қол қойылды.

Жаңа қазандыққа келсек, оның жобасына біраз өзгерістер енгізіліп, қазір мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Осыдан кейін станцияда іске қосу жұмыстары қайта басталады. Компания оны үш ай бойы сынақтан өткізбекші. Ақсу қаласы әкімінің айтуынша, бұл жұмыстар қаланы жылумен қамтуға ешқандай әсер етпейді.