Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 15-ке қарсы 13: Успен ауданында майлы дақылдардың өнімділігі дәнді дақылдардан асып түсті

15-ке қарсы 13: Успен ауданында майлы дақылдардың өнімділігі дәнді дақылдардан асып түсті

Dec 24, 2025 | Жаңалықтар


Успендік аграрийлер мұндай нәтижеге соңғы 10 жылда алғаш рет қол жеткізіп отыр.

Успен ауданының агроөнеркәсіптік кешеніндегі жетістіктер туралы @pavlodar.rsk алаңында аудан әкімі Нұрболат Мақашев айтып берді. Өтіп бара жатқан жылы жергілікті фермерлер майлы дақылдардың егіс алқабын 28 мың гектардан астамға ұлғайтты. Бұл майлы дақылдар үлесінің жалпы егіс алқабының 40%-ынан асуына алып келді.

— Аграрийлеріміз ұсынған жедел мәліметтер бойынша, майлы дақылдардың жалпы жиыны 135,9 мың тоннаға дейін ұлғайды, орташа өнімділік 15 ц/га құрады, — деді спикер. — Бұл көрсеткіш соңғы 10 жылда алғаш рет дәнді дақылдардың өнімділігінен (13 ц/га) асып түсті.

Әкімнің айтуынша, бұған мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулар — тұқым, тыңайтқыш және гербицидтер сатып алуды субсидиялау, машина-трактор паркін жаңарту және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие беру шаралары мүмкіндік берді.