Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Өткен жылы Павлодар салықшыларына соттан тыс банкроттық туралы 7 мыңға жуық өтініш түсті

Өткен жылы Павлодар салықшыларына соттан тыс банкроттық туралы 7 мыңға жуық өтініш түсті

Jan 22, 2026 | Жаңалықтар


Банкроттық рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмеуіне байланысты 5 мыңнан астам өтініш берушіге бас тартылды.

Мемлекеттік кірістер департаментінің өткен жылғы жұмыс қорытындысын @pavlodar.rsk алаңында ведомство басшысы Ержан Тоқтарханов баяндады. Оның мәліметінше, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру аясында салықшыларға 6750 өтініш келіп түскен. Нәтижесінде 694 өтініш беруші соттан тыс банкроттық рәсімінен өтті. Тағы 5,1 мыңнан астам салық төлеушіге бас тартылды.

— Жеке тұлғаны соттан тыс тәртіппен банкрот деп тану үшін белгілі бір критерийлер бар, — деп ескертті спикер. — Олар: берешек көлемі 1600 АЕК-тен аспауы тиіс, 12 ай бойы қарызды өтеу бойынша төлемдердің болмауы және тіркелген мүліктің жоқтығы. Алайда, көбінесе өтініш берушінің соңғы жыл ішінде төлемдер жасағаны немесе мүлікте қандай да бір үлесі бар екені анықталып жатады. Мұндай жағдайларда банкроттықтан бас тартылады.

Сондай-ақ, Ержан Тоқтарханов банкрот деп тану борышкер үшін белгілі бір салдарға әкелетінін еске салды. Ол 5 жыл бойы банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие ала алмайды, қайтадан банкроттық рәсімінен тек 7 жылдан кейін ғана өте алады және 3 жыл бойы қаржы органдарының тексеруінде болады.