Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Жыл басынан бері Павлодар облысының тұрғындары алаяқтарға 3,5 миллиард теңгеден астам қаражат аударған

Жыл басынан бері Павлодар облысының тұрғындары алаяқтарға 3,5 миллиард теңгеден астам қаражат аударған

Nov 4, 2025 | Жаңалықтар


Облыста күн сайын интернет-алаяқтық құрбандарынан 3-5 арыз қабылданады.

@pavlodar.rsk алаңында алаяқтардың ең танымал схемалары туралы Павлодар облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі Сұлтанбек Қадержанов еске салды. 2025 жылдың 10 айында өңірде интернет-алаяқтыққа қатысты 2 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70%-ға жуық көп. Көбінесе адамдар банктердің қауіпсіздік қызметінің, құқық қорғау органдарыны немесе басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлерінен қоңырау шалу арқылы жасалатын айлаға түседі. Олар жәбірленушіні оның шотына алаяқтық шабуыл жасалды деп сендіріп, өздері ақшаны алдап алады.

– Өкінішке орай, мұндай жағдай адамның тиісті қырағылығының болмауынан болады. Ешбір жағдайда ешкімге SMS-кодтарды беруге, қандай да бір банк транзакцияларын жасауға немесе қоңырау шалушылардың нұсқауымен ірі ақша қаражатын аударуға болмайды. Бұдан басқа, P2P-сатылымдар және инвестициялық мәмілелерге қатысу туралы хабарландыруларға сын көзбенқарау қажет», – спикер деп атап өтті.

Сұлтанбек Қадержанов сізді алдағысы келетініне көз жеткізуге мүмкіндік беретін лайфхакпен бөлісті. Әдетте алаяқтар WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз нөмірлерден қоңырау шалады. Бұл қоңырауды тастап, ұялы байланыс арқылы абонентке қайта қоңырау шалсаңыз жеткілікті – нөмір қолжетімсіз болуы мүмкін.