Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Зауыт бір «терезеде»: павлодарлық мұнай өңдеушілер цифрландыруды қалай енгізуде

Зауыт бір «терезеде»: павлодарлық мұнай өңдеушілер цифрландыруды қалай енгізуде

Apr 24, 2026 | Жаңалықтар

Павлодар мұнай-химия зауытында «цифрлық» технологиялардың көмегімен энергия қауіпсіздігі мен өндіріс процестері қалай оңтайландырылып жатқандығы көрсетілді.

Ең алдымен, мұнай өңдеушілер электрмен жабдықтауды диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесін таныстырды. Бұл жүйе кәсіпорынның энергия қауіпсіздігін одан әрі арттыра түсті. Жоба ПМХЗ қызметкерлеріне зауыттың энергия схемасын қашықтықтан басқаруға, тоқтап қалу уақытын қысқартуға және нақты уақыт режимінде электр энергиясының толық теңгерімін алуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның тағы бір мақтанышы — Aspen Hysys арнайы бағдарламалық жасақтамасы. Ол өнім шығымын болжау және процестерді оңтайландыру жолдарын іздеу үшін технологиялық қондырғылардың «цифрлық егіздерін» жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ПМХЗ-да барлық өндіріс мәліметтерін біріктірген бірыңғай цифрлық платформа — Information Management System енгізілген. Жүйе технологиялық жабдықтардан, зертханалардан және корпоративтік ақпараттық жүйелерден алынған деректерді тоғыстырып, өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастырады. Бағдарламалық жасақтама қондырғылар жұмысының негізгі параметрлерін жедел бақылауға, технологиялық режимдердің сақталуын қадағалауға, ауытқуларды анықтауға және өндірістік процестердің ашықтығын арттыруға септігін тигізеді.