Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Спорт басқармасы Павлодарда жаңа мұз айдынын салу қажеттігін түсіндірді

Спорт басқармасы Павлодарда жаңа мұз айдынын салу қажеттігін түсіндірді

Apr 4, 2023 | Жаңалықтар


Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, «Астана сарайының» инфрақұрылымы барлық қызығушылық танытқан спортшылардың мұз айдынында жаттығуына мүмкіндік беру үшін көптен бері жеткіліксіз. Сондықтан облыс орталығына жаңа мұз айдыны қажет.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында басқарма өкілі бұқаралық және кәсіби спортты дамыту туралы айтты. Журналистер жаңа мұз айдынының құрылысына қатысты биліктің жуырдағы мәлімдемесін еске алды. Олар әлеуметтік желі қолданушылары мұны артық шығын деп санағанын айтты, себебі Павлодарда қазірдің өзінде «Астана» мұз сарайы бар екенін атап өтті.

– Мұз сарайының сыйымдылығы барлық спортшыларымыздың қажеттіліктерін өтеуге жетпейтінін спорт журналистері растай алады, – деді НҰРЛАН ЕСЕМБАЕВ. – Ол жерде сабақ кейде таңғы 6-да басталады, бір мезгілде бірнеше топ мұз үстінде бірден жаттығады. Сондықтан жаңа мұз айдынының қажеттілігі өте жоғары. Ол жеке инвестиция есебінен салынады.

Баспасөз мәслихатында Ақсуда мұз айдынын салу мәселесі де қозғалды. Белгілі болғандай, тендерді жеңіп алған мердігер нысанның құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтарының қымбаттауына байланысты жобаны іске асыра алмаған. Сол себептен жаңа спорт нысанын салуға жобалық-сметалық құжаттаманы реттеуге кіргізілді. Басшылық жобаны алдағы екі жылдың ішінде тапсыруды көздеп отыр.

«Спорт Сити» шағын ауданындағы жекпе-жек орталығына келсек, оны осы айда іске қосуға уәде беріп отыр. Жуырда жаңа орталықтың құрметті қонағы UFC-дегі ең үздік қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов болды. Шекаралардағы объективті мәселелердің салдарынан павлодарлықтар спортшыларға қажетті құрал-жабдықтар мен мүкәммалды әлі алмағаны белгілі болды. Олар келген бойда орталық павлодарлықтарға ресми түрде таныстырылады.