Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарда орталықтандырылған жылу беруді қыркүйек айының соңында бастайды

Павлодарда орталықтандырылған жылу беруді қыркүйек айының соңында бастайды

Aug 24, 2023 | Жаңалықтар


Дәстүр бойынша, бірінші кезекте жылу әлеуметтік нысандарға, содан кейін — тұрғын үйлерге беріледі.

Павлодар облысындағы қысқа дайындық мәселесі ӨКҚ-ің алаңында талқыланды. Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ержан Салханов жылыту маусымы ауа температурасы қатарынан үш тәулік бойы 8 градустан төмен болған кезде басталатынын еске салды.

– Қазгидрометтің мәліметінше, қыркүйек айында ауа райы жылы болады деп күтілуде – орташа есеппен 10 градустан жоғары болады, – деді спикер. – Сондықтан біз орталықтандырылған жылу беруді қазан айында бастауды жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік нысандарға келетін болсақ, оларға жылу қыркүйек айының соңында беріле бастайды.

Бүгінгі таңда Павлодардағы әлеуметтік нысандардың дайындығы шамамен 90%-ы құрады. Тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің хабарлауынша, 1 қыркүйекке дейін барлық балабақшалар, мектептер, ауруханалар мен спорт мекемелері жылу беру маусымына дайын болады. Егер облыс орталығының тұрғын үй қоры туралы айтатын болсақ, мұнда 213 үй әлі дайындық актілерін алған жоқ. Қалалық әкімдік өкілдерінің белсенді жұмысына қарамастан, ол үйлердің тұрғындарының көпшілігі өздерінің көпқабатты үйлерін басқаруда белсенділік танытпай отыр. Соның өзінде шенеуніктер жылыту маусымының басында бұл үйлердің барлығы жылу қабылдауға дайын болады деп сендірді.