Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарда автобус маршруттары оңтайландырылады

Павлодарда автобус маршруттары оңтайландырылады

Aug 14, 2025 | Жаңалықтар


Қалалық автобус желісі 20 тамыздан бастап жаңаша жұмыс істейді. Енгізілетін түзетулер туралы түпкілікті шешім сынақ режимінің қорытындысы бойынша қабылданады.

Павлодарда барлығы 30 автобус маршруты бар. Жергілікті атқарушы органдар сұраныс аз болғандықтан, №5 және №6 маршруттарды жоюды ұйғарды. Тағы 11 қалалық маршрутты оңтайландыру жоспарланып отыр.

– Талдау көрсеткендей, бүгінде бірқатар маршруттар табыссыз, ал кейбіреулері бір-бірін қайталайды, – деп хабарлады баспасөз конференциясында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов. – Оңтайландыру бюджеттен субсидиялау көлемін азайту және маршруттық желіні нақты жолаушылар ағынына сәйкес келтіру мақсатында жүргізіледі.

Әкімдікте атап өткендей, оңтайландыру нәтижесінде қоғамдық көлік пайдаланушылары бірқатар артықшылықтарға ие болады. Біріншіден, жол жүру тарифі өзгермейді. Сонымен қатар, жылжымалы құрамды жаңарту жалғасады: шағын сыныпты автобустардың барлығын орташа сыныпты автобустарға ауыстыру көзделген.

– Оңтайландырылған маршруттар 20 тамыздан бастап сынақ режимінде жұмыс істей бастайды, – деп атап өтті @pavlodar.rsk спикері. – Бұл жолаушыларға да, тасымалдаушыларға да жаңашылдықтарға бейімделуге, ықтимал кемшіліктерді анықтауға және түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Сынақ режимінің қорытындысы бойынша талдау жүргізіліп, нәтижесінде әрбір автобус маршруты бойынша түпкілікті шешім қабылданады.

Қоғамдық көлік пайдаланушыларымен кері байланыс үшін WhatsApp-та сенім телефоны жұмыс істейді. Әкімдік ұсыныстар мен ескертулерді +7 775 157 8959 нөмірі бойынша қабылдайды.