Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар полицейлері алаяқтарға алданбаудың ең тиімді тәсілін атады

Павлодар полицейлері алаяқтарға алданбаудың ең тиімді тәсілін атады

Nov 26, 2026 | Жаңалықтар


Онлайн-алаяқтық деректерінің айтарлықтай азайғанына қарамастан, Павлодар облысының тұрғындары өз жинақтарын алаяқтарға аударуды жалғастыруда. Жыл басынан бері тек белгілі болған жағдайлар бойынша келтірілген шығын көлемі шамамен 1,5 миллиард теңгені құрады.

@pavlodar.rsk алаңында интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары туралы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Сүйіндік Қайырбаев айтып берді. Жыл басынан бері өңірде 1,3 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үштен бірге жуық төмен.

– Күн сайын полицияға интернет-алаяқтық фактілері бойынша 5-тен 10-ға дейін арыз түседі, – деді спикер. – Бір жәбірленушіге келтірілген шығын мөлшері 10 мың теңгеден 50 миллион теңгеге дейін жетеді. Әлеуметтік желілерде, мессенджерлер мен БАҚ-та алдын алу ақпараты күн сайын жарияланып жатқанына қарамастан,азаматтардың бір бөлігі мұндай жағдай өз басына түспейді деп ойлап, ескертулерді елемейді.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін полицейлер бейтаныс адамдарға мүлдем ақша аудармауға кеңес береді.Жалпы, тәртіп сақшылары Павлодар облысының тұрғындарынан күмәнді қоңырау түскен жағдайда бейтаныс тұлғалармен әңгімелеспеуді, әсіресе оларға ешқандай SMS-кодтарды, құпиясөздер мен дербес деректерді хабарламауды, қоңырау шалушының нұсқауымен бағдарламалар орнатпауды және күмәнді сілтемелерге өтпеуді сұрайды. Бейтаныс адам өзін банк қызметкері, домофон компаниясының өкілі немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырса да, әңгімені бірден үзген дұрыс.

Фото: ChatGPT