Облыста жанар-жағармай сатудан бас тарту немесе шектеу фактілері тіркелген жоқ.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында Павлодар облысындағы монополияға қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды. Облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшысының орынбасары ҚУАТ ӨТЕУОВ бензин мен дизель отынының қымбаттауы мүмкін деген сауалын қойды.
– Әкімдік өкілдерімен бірлесе отырып, мұндай мониторингті күн сайын жүргіземіз, деді спикер. – Жанар-жағармай сатудан бас тарту немесе шектеу фактілері жоқ. Облыста жанар-жағармай жеткілікті, бұл бағытта мәселе жоқ.
Облыстың жанар-жағармай нарығындағы негізгі жеткізушілер жанар-жағармайды ұстап қалмауы үшін монополияға қарсы органдар оларға ресми ескертулер жолдады.