Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының тұрғындарына әлеуметтік маңызды азық-түлік тізімінің кеңейгені туралы ескертілді

Павлодар облысының тұрғындарына әлеуметтік маңызды азық-түлік тізімінің кеңейгені туралы ескертілді

Feb 25, 2026 | Жаңалықтар


Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап бұл тізімге 19 емес, 31 өнім түрі енді. Олардың қатарына қызанақ пен қияр да қосылды.

Қазақстанда ӘМАТ (әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары) тізімінің ұлғайғаны туралы Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Болат Тұрмағанбет @pavlodar.rsk алаңында мәлімдеді. Оның айтуынша, ӘМАТ тізіміне енген барлық тауарлар өндірушісіне, шыққан еліне, көлеміне, өлшеміне және қаптамасына қарамастан, бағаны мемлекеттік реттеуге жатады.

– Жалпы алғанда, әлеуметтік маңызды азық-түлік тізіміне 31 тауар енді. Бұрынғы 19 атаудың 14-і өзгеріссіз қалды, тағы 5 тауардың түрлері мен сипаттамалары кеңейтілді. Тізімге қосымша 12 жаңа атау қосылды — олар: қызанақ, қияр, алма, сиыр еті, тартылған ет, тауық еті, қой еті, балық, ультрапастерленген сүт, қаймақ, қатты ірімшік және қара шай, – деп ескертті спикер.

Ереже бойынша, әлеуметтік азық-түлікті сатушы тауар бағасына өндірушінің немесе сатып алу бағасының 15%-ынан астам үстеме қоса алмайды. Бұл талап бұзылған жағдайда кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынады.

Фото: Gemini