Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының жанар-жағармай нарығындағы жағдай тұрақты – монополияға қарсы қызмет өкілдері

Павлодар облысының жанар-жағармай нарығындағы жағдай тұрақты – монополияға қарсы қызмет өкілдері

Apr 12, 2023 | Жаңалықтар

Облыста жанар-жағармай сатудан бас тарту немесе шектеу фактілері тіркелген жоқ.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында Павлодар облысындағы монополияға қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды. Облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшысының орынбасары ҚУАТ ӨТЕУОВ бензин мен дизель отынының қымбаттауы мүмкін деген сауалын қойды.

– Әкімдік өкілдерімен бірлесе отырып, мұндай мониторингті күн сайын жүргіземіз, деді спикер. – Жанар-жағармай сатудан бас тарту немесе шектеу фактілері жоқ. Облыста жанар-жағармай жеткілікті, бұл бағытта мәселе жоқ.

Облыстың жанар-жағармай нарығындағы негізгі жеткізушілер жанар-жағармайды ұстап қалмауы үшін монополияға қарсы органдар оларға ресми ескертулер жолдады.