Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының тұрғындарына сертификатталған пиротехниканы пайдалану қажеттілігі ескертілді

Павлодар облысының тұрғындарына сертификатталған пиротехниканы пайдалану қажеттілігі ескертілді

Dec 22, 2025 | Жаңалықтар


Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында өңірде заңсыз салюттер мен отшашулар сатудың төрт дерегінің жолы кесілді.

@pavlodar.rsk алаңында Жаңа жыл қарсаңындағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ескертілді. Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Азамат Исеевтің айтуынша, соңғы жылдары пиротехника сатушылар арасындағы бұзушылықтар азайып келеді. Биыл Павлодар мен Екібастұзда сертификатталмаған тауарларды сатудың екі-екіден жағдайы анықталды. Тәртіп сақшылары мұндай бұзушылық үшін 25 АЕК немесе 98 мың теңгеден астам айыппұл қарастырылғанын атап өтті.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов Павлодар облысының тұрғындарын отшашуларды ережеге сай пайдалануға шақырды. Өртсөндірушілер салюттерді ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта атуды және қатты жел кезінде қолданбауды ұсынады.