Температураның төмендеуіне байланысты Ертіс арнасының бойындағы мұзда кей жерлерде сайлар пайда болды, сондықтан өткелдерді уақытша жабуға тура келді.
ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында жағдай жайында төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қыдыржан Нәскенов пайымдады. Облыста барлығы 13 мұз өткелі бар, оның 8-і автомобиль өткелдері болса, 5-еуі жаяу жүргіншілер мен ат көліктеріне арналған. Бүгінгі таңда Тереңкөл ауданындағы өткелдер жабылды, бірақ олар келесі аптада ашуды көздеп отыр.
Құтқарушылар Павлодар облысының тұрғындарын мұздан өту кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Біріншіден, өткелдердің алдында орнатылған барлық ақпараттық белгілерге қойылатын талаптарды қатаң сақтау керек. Мұзға серпілмей немесе тежеусіз баяу жүру керек. Мұз өткелінде тоқтауға, серпілуге, бұрылуға, автокөліктерді басып озуға және оларға жанармай құюға тыйым салынады. Көліктерді нашар көрінетін жерде жылжыту ұсынылмайды. Жолаушылар көлігімен өткел бойымен жүргенде жолаушыларды түсіріп, қауіпсіздік белдігін шешіп, жүргізушінің есігін ашық қалдыру керек.