Облыстық жерге орналастыру қызметі елді мекендердегі жерлерді коммерциялық мақсатқа беру тәртібін еске салды.
@pavlodar.rsk алаңында жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Хамитов сөз сөйледі. Ол мемлекеттік мүлік тізілімінің www.sauda.e-qazyna.kz веб-порталында қалалар мен ауылдар ішіндегі жер телімдері әлі де аукцион арқылы берілетінін атап өтті.
– Аукцион ағылшын әдісімен, яғни бағаны көтерумен өтіп жатыр, – деді спикер. – Жеңімпазды анықтаудың басты өлшемі – қатысушылар ұсынған баға.
Жыл басынан бері Павлодар облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктері 35 аукцион өткізді. Барлығы 240 миллион теңгеден астам қаржыға 190 гектар 105 жер телімі берілді.