Мамандардың соңғы есебі бойынша облыста 20 мыңнан астам киік бар.
Қазақстанда жануарлар популяциясын сақтау және браконьерлікпен күресу болып табылатын «Ақбөкен» ауқымды науқаны жалғасуда. Павлодар облысында ақбөкендер негізінен Майский және Баянауыл аудандарында мекендейді;
– Соңғы алты жылда біздің облыста ақбөкендерді заңсыз жою фактілері тіркелген жоқ, – деді ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев. – Бұл ретте өткен жылы киік мүйіздерін сақтау фактілері Баянауыл ауданы мен Ақсу қаласында тіркелді. Баянауыл ауданында бұл іс қазір сотта қаралып жатыр. Ал Ақсуға келсек, тәртіп бұзушы 7 жылға бас бостандығынан айырылып, 2 млрд теңге шығын өндірілді.
Сәуір айында Павлодар облысында ақбөкен популяциясының жағдайына санақ және мониторинг жүргізілді. Облыста мал басының алдын ала саны 2020 жылмен салыстырғанда 5 есеге артып, 20 мыңнан астам басты құрады.