Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында медициналық қызметтердің 10%-ға жуығы қашықтан көрсетіледі

Павлодар облысында медициналық қызметтердің 10%-ға жуығы қашықтан көрсетіледі

Aug 26, 2025 | Жаңалықтар


Жыл басынан бері облыс тұрғындары 1,1 миллионнан астам медициналық қызмет алды, оның 8,3%-ы электронды форматта көрсетілді.

Аймақтық денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрландыру жағдайы туралы @pavlodar.rsk ақпарат алаңында айтылды. Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Айжан Әкімбекованың айтуынша, қашықтан көрсетілетін медициналық қызметтердің саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе өскен.

Ашықтықты арттыру және медициналық мекемелердегі жалған жазбалармен күресу үшін қабылдауларды растау жүйесі енгізілді. Бұл биометриялық сәйкестендіру және eGov арқылы код жіберу арқылы жүзеге асырылады. Жыл басынан бері Павлодар облысында 1,8 миллионға жуық сәйкестендіру жүргізілді.

Сондай-ақ, цифрландыру медициналық анықтамаларды беру үдерісіне де әсер етті. Қағаз құжаттардың орнына облыс тұрғындары үшін электронды анықтамалар қолжетімді, бұл оларды алуды және сақтауды жеңілдетеді. Бүгінгі таңда анықтамалардың сегіз түрін электронды форматта алуға болады.