Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында масаға қарсы авиаөңдеу алаңы кеңейтіледі

Павлодар облысында масаға қарсы авиаөңдеу алаңы кеңейтіледі

Apr 11, 2025 | Жаңалықтар


2025 жылы маса дернәсілдеріне қарсы аумақтарды авиациялық өңдеу көлемі айтарлықтай артады. Қосымша түрде Ертіс өзенінің жайылымдық аумағындағы 30 мың гектар, оның ішінде Железин ауданы мен Ақсу қаласының ауылдық аумағындағы 15 мың гектар жер қамтылады.

Өңірде қансорғыш жәндіктерге қарсы күрестің қалай жүргізіліп жатқаны туралы @pavlodar.rsk баспасөз конференциясында айтылды. Қосымша аумақтарды ескере отырып, биылғы жылы гнусқа қарсы авиаөңдеу көлемі 172 мың гектарды құрайды.

– Өңдеу жүргізілетін ұшақтар саны да көбейеді, – деп атап өтті табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Дияр Қайыркенов. – Биыл олардың саны он болады. Шамамен 60 елді мекенге тосқауылдық өңдеу жүргізу жоспарлануда. Павлодар мен оның ауылдық аймағынан бөлек, бұл тізімге Павлодар, Ақтоғай, Ертіс және Тереңкөл аудандарының жағалаудағы ауылдары кіреді.

Павлодар облысында дезинсекциялық жұмыстар басталып кетті. Осы аптада мамандар Тереңкөл ауданындағы тез жылынатын, маса дернәсілдерінің дамуына қолайлы жағдай жасайтын тұйық су қоймаларын өңдеді. Авиациялық және тосқауылдық өңдеулерден бөлек, Ертіс өзенінің негізгі арнасы мен оның салаларын ұзындығы 1,8 мың шақырымға дейін биологиялық препараттармен үш мәрте өңдеу жоспарлануда.

Сурет нейрожелінің көмегімен жасалған