
Биыл күзде өңір тұрғындары арасынан 600-ден астам адамды әскерге шақыру жоспарлануда.
@pavlodar.rsk ақпарат алаңында қорғаныс істері департаментінің бастығы Бекзат Образов күзгі әскерге шақыру науқанының басталғанын хабарлады. Жалпы алдын ала жоспар бойынша 664 адам әскер қатарына шақырылады. Олар ҚР Қарулы Күштерінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Ұлттық ұланының, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің және ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қатарын толықтырады.
Әскерге шақырылушыларың барлығына олардың атында несие болса, төлемдерді 13 айға кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. Бұдан басқа, әскерде қызмет еткендер демобилизациядан кейін екі жыл ішінде ЖТОБ баллдарын ескермей, ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсе алады. Ол үшін оларға сұхбаттасудан өту жеткілікті болады. Ал жауынгерлік даярлықта жоғары нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер грант есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Әскери қызметшілер SMS-хабарлама алған жағдайда жас жігіт тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері бөліміне келуге міндетті екенін еске салады. Әйтпесе, оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.










