Өткен жылы облыста осы кезеңде 31 мыңға жуық жіті респираторлық вирустық инфекциялар тіркелген.
Жалпы, мамандар Павлодар облысындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деп бағалап отыр. ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрады – 17 307, оның ішінде 735 бір жасқа дейінгі балалар.
– Жіті респираторлық вирустық инфекциямен 250 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 4 жүкті әйел және 87 бір жасқа дейінгі бала, – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Дощанова. – 172 адам пневмониямен ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 106-сы 14 жасқа дейінгі балалар. Тексерілген 262 сынаманың тұмау вирусының оң нәтижелері тіркелмеді.
Облыста тұмауға қарсы екпе науқаны жалғасуда. Павлодар облысы бойынша 67 мыңға жуық адам немесе халықтың 8,9 пайызы вакцина алды.
Сарапшылар қарашада ЖРВИ, қараша-желтоқсанда тұмаумен сырқаттанушылықтың артуы күтілуде.