Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында демалыс қарсаңында балалардың қауіпсіздігі еске салынуда

Павлодар облысында демалыс қарсаңында балалардың қауіпсіздігі еске салынуда

May 5, 2025 | Жаңалықтар


Алда жаз келеді – күн шуағымен бірге демалыс уақыты да басталады. Бұл – балалардың жиі үлкендердің қарауынсыз қалатын мезгілі. Осыған байланысты Павлодар облысының полицейлері ата-аналарды алдын ала ескертіп жатыр – кеш болмай тұрғанда.

Тек өткен жылы ғана Павлодар облысында балалардың терезеден құлауына қатысты 13 жағдай тіркелді. Өкінішке қарай, олардың екеуі қаза тапты. Полицияның айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалар көбіне үлкендер сәл ғана қырағылық танытпаған сәтте орын алады: терезені жауып үлгермеді, терезе маңына жиһаз қойып кетті немесе бөлмеден шығып кетті. Осы сәт жеткілікті – бала терезе алдына шығып, құлап кетуі мүмкін.

— Біз бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тырысамыз. Балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды, терезе мен балкон есіктеріне шектеуіш орнатуды ұсынамыз, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Арай Төлемісова. – Ата-аналардан балаларының бос уақытын үнемі бақылауда ұстауды сұраймыз. Олар әрдайым көзіңіздің қарауында болуы керек. Терезелерді ашық қалдырмаңыздар, металл тор орнатыңыздар, терезе маңында жиһаздың тұрмауын қадағалаңыздар – ол арқылы бала оңай терезе алдына шыға алады.

Алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері, медицина мамандары және білім беру өкілдері мектептер мен балабақшалар арқылы жадынамалар таратып, ата-аналар чатына хабарламалар жолдауда. Жаз айларында бұл жұмыстарға жабайы жағажайларға рейдтер, балаларды тасымалдау мен лагерьлерге баратын автобустарды сүйемелдеу де қосылады.

Ата-аналарға ескерту: баланы қараусыз қалдырғаны үшін 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл – заң талабы. Бірақ одан да маңыздысы – балаңыздың денсаулығы мен өмірін сақтау.