Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында 5,5 мыңға жуық бала инклюзивті біліммен қамтылған

Павлодар облысында 5,5 мыңға жуық бала инклюзивті біліммен қамтылған

Nov 5, 2025 | Жаңалықтар


Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы санының 63%-ы инклюзивті білім беру нысандарымен қамтылған.

Өңірде арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін дамыту туралы @pavlodar.rsk алаңында білім беру басқармасы балалар құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Жібек Айтмұхамбетова айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде Павлодар облысында 7 арнайы мектеп жұмыс істейді, онда 1 мыңға жуық бала білім алуда.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерге (ПМПК) келетін болсақ, төрт ПМПК есебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 8,7 мыңға жуық бала тұр.

Түзету көмегін көрсету үшін облыста 13 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жұмыс істейді, олар 3 мыңнан астам баланы қамтиды. Сондай-ақ аутизм орталығы бар, онда 500-ден астам бала қолдау алады.

Инфрақұрылымды нығайтудағы маңызды қадам – 7 арнайы мектеп-интернаттың материалдық-техникалық базасын жаңарту болды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауы арқасында бұл мақсаттарға 181,6 млн теңге бағытталды.