Биоәртүрлілікті және балық ресурстарын қорғау бағдарламасы аясында Торайғыр және Сабындыкөл көлдеріне 40 мыңға жуық амур балығы жіберіледі.
Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы өкілдерінің айтуынша, табиғи су қоймаларын балықтандыру үшін балықтың жаңа түрі кездейсоқ таңдалмаған. Ғалымдар бұл мақсатта амурды пайдалануды ұсынды.
– Торайғыр және Сабындыкөл көлдерінде шамадан тыс өсу байқалады, – деді ведомствоның жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің басшысы Жасұлан Жұмашев. – Қатты өсімдіктермен қоректенетін тұқы бұл жағдайда табиғи мелиораторға айналады. Су қоймаларына салмағы 100 грамға дейінгі балықтар жіберіледі. Балықтандыруға қажетті материалды Ақсу ауылдық аймағы, Ребровка ауылында орналасқан «Колос» шаруа қожалығы қамтамасыз етеді.
Торайғыр көліне 10 мың дана, Сабындыкөл көліне 38,6 мың дана амур жіберіледі. Мамандар балықтардың өмір сүру деңгейін міндетті түрде бақылауға уәде береді.