
Бүкіл ел бойынша басталған «Оқитын ұлт» республикалық кампаниясы 2027 жылдың сәуіріне дейін жалғасады.
Оқу мәдениетін дамытуға бағытталған арнайы жоба туралы @pavlodar.rsk алаңында мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Самал Сәменова мен С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың басшысы Шолпан Шахметова айтып берді. Марафонға қатысудың басты шарты – қазақ әдебиеті, әлемдік классика және заманауи әдебиеттің 330 туындысы енген ұсынылған тізімнен 15 кітапты оқып шығу.
Марафон 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылдың сәуіріне дейін қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Жоба жеті бағытты қамтиды: «Оқитын мектеп», «Оқитын колледж», «Оқитын университет», «Оқитын педагог», «Оқитын әулет», «Оқитын мемлекеттік қызметші» және «Оқитын интеллектуал». Марафонға қатысу тегін. Тіркелуге және толық ақпарат алуға жобаның ресми reading-nation.kz сайтында болады. Кампанияның өңірлік кезеңінің жеңімпаздары үшін ақшалай жүлделер қарастырылған: бірінші орынға – 600 мың теңге, екінші орынға – 450 мың, үшінші орынға – 300 мың теңге. Финалға шығушылар дипломдар мен электронды сертификаттар алады.
Бүгінгі таңда жобаға қатысу үшін Павлодар облысының 35 мыңға жуық тұрғыны тіркеліп үлгерді. Тіркеу 27 қыркүйекке дейін жалғасады.
Фото: ChatGPT










