
Салық декларациясын қабылдаудың соңғы мерзімі — 15 қыркүйек.
Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері @pavlodar.rsk алаңында хабарлағандай, 2026 жылы Павлодар облысының 49 мыңнан астам тұрғыны өз табыстары туралы есеп беруге міндетті. Бұл ретте бүгінгі таңда салық төлеушілердің 30 мыңға жуығы декларация тапсырып үлгерген.
– Декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген азаматтар, сондай-ақ олардың жубайлары тапсыруы тиіс, – деп еске салды Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Арман Увалиев. – Сондай-ақ бұл тізімге үлесі 10%-дан асатын компаниялардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жубайлары, жеке практикамен айналысатын тұлғалар — адвокаттар, нотариустар, медиаторлар мен жеке сот орындаушылары, шетелде тіркелетін мүлкі, шетелдік жылжымайтын мүлкі немесе шетелдік банктерде 1000 АЕК-тен асатын шоты бар тұлғалар, сонымен қатар мүліктік табыс алған немесе 78 миллион теңгеден астам сомаға мүлік сатып алған азаматтар кіреді.
Бүгінде декларацияны бірнеше минут ішінде тапсыруға болады, ол үшін салық органдарына барудың қажеті жоқ. e-Salyq Azamat, eGov mobile, Halyk, Kaspi қосымшаларындағы арнайы сервисті немесе Салық төлеушінің кабинетін пайдалану жеткілікті. Декларацияны бірінші рет тапсырмағаны үшін салық органдары ескерту жасайды, ал қайталанған бұзушылық үшін айыппұл салынады.
Фото: ChatGPT










