Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Өткен жылы Павлодар облысында 54 спорт нысаны пайдалануға берілді

Өткен жылы Павлодар облысында 54 спорт нысаны пайдалануға берілді

May 20, 2026 | Жаңалықтар


2026 жылы өңірде Успен және Май аудандарының орталықтарында екі жаңа жүзу бассейні, сондай-ақ Ақтоғай ауданының Қараоба, Баянауыл ауданының Жаңатілек және Май ауданының Қаратерек ауылдарында үш дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДШСК) таныстырылды.

Спорттық инфрақұрылымды құру бағытындағы жұмыстар туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт бөлімінің басшысы Талғат Сәкен @pavlodar.rsk алаңында айтып берді. Ол бүгінгі таңда Ақсу қаласының маңындағы Үштерек ауылында және Аққулы ауданының Қарақала ауылында салынған тағы екі ДШСК-нің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.

– Биыл біздің өңірдің түрлі ауылдарында тағы тоғыз дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді, – деді спикер. – Бұдан бөлек, Ертіс ауылында жүзу бассейнін салу жоспарда бар.

Ірі инфрақұрылымдық жобаларға келетін болсақ, қазіргі уақытта Павлодар қаласында мұз сарайының, 5 мың орындық бассейні бар көпфункционалды спорт кешенінің, 25 мың орындық стадионның және инклюзивті спорт орталығының, сондай-ақ Екібастұзда мұз аренасы бар көпфункционалды спорт кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұл жобаларды іске асыру 2028 жылға дейін жоспарланған.