Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 санат жоқ 9 Павлодар облысында өткен жылы есірткіге қатысты 240-тан астам құқық бұзушылық тіркелді

Павлодар облысында өткен жылы есірткіге қатысты 240-тан астам құқық бұзушылық тіркелді

Jan 27, 2026 | санат жоқ


@pavlodar.rsk алаңында 2025 жылғы есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың қорытындысы шығарылды.

Өңірлік полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов хабарлағандай, ашылған қылмыстардың жалпы құрылымында 116 өткізу дерегі, аса ірі мөлшерде сақтаудың 7 жағдайы, есірткісі бар өсімдіктерді өсірудің 5 дерегі және тыйым салынған заттарды заңсыз жарнамалаудың 3 дерегі бар. Сонымен қатар, полицейлер ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

– Заңсыз айналымнан 455 килограммнан астам есірткі заты тәркіленді, оның 58 килограмы – синтетикалық текті заттар, – деді спикер. – Біз халықты заңсыз әрекеттерге тартатын есірткіні насихаттайтын контентті анықтау және бұғаттау бағытында да жұмыс істеп жатырмыз. 2025 жылы тыйым салынған ақпарат таратқан 2020 онлайн-ресурс бұғатталды.

Есірткі бизнесімен күрес 2026 жылы да жоғары қарқынмен жалғасуда. Қаңтар айының басынан бері өңірде 21 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде 13-і – есірткі өткізу дерегі. Тәртіп сақшылары «Кибербақылау» ақпараттық жүйесінде заңсыз жарнамамен айналысқан 125 аккаунтты бұғаттады. Қылмыстың қаржылық жағына ерекше көңіл бөлінуде: «Антифрод» арнайы жүйесі арқылы есірткі бизнесінің транзакциялары үшін пайдаланылған 6 қазақстандық және 4500 шетелдік банктік карта мен шот бұғатталды. Қылмыстық схемаларға қатысы бар тұлғаларды анықтау (деанонимизация) бойынша 22 сұраныс жолданды.

Фото: Gemini