Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында жылыту маусымы қалыпты режимде өтіп жатыр

Павлодар облысында жылыту маусымы қалыпты режимде өтіп жатыр

Oct 29, 2025 | Жаңалықтар


Қазіргі таңда өңір тұрғындарын жылумен қамтуда ешқандай қиындықтар жоқ.

Жылыту маусымының барысы туралы @pavlodar.rsk алаңында энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Иманзаипов айтып берді. Оның айтуынша, жылыту маусымы басталғалы бері Павлодар облысы қалаларының тұрғындарынан жылумен қамту мәселелері бойынша 223 өтініш түскен.

– Бұл өтініштердің басым бөлігі жылыту маусымының бас кезінде, гидравликалық параметрлерді реттеу кезеңінде түсті, – деді спикер. – Тұрғын үй инспекциясы бөлімдері мен жылу желілері кәсіпорындарының өкілдері кірген жұмыс топтары құрылды. Олар орындарға шығып, барлық шағымдарды қарады. Қазіргі таңда жылумен қамтуға қатысты өзекті өтініштер жоқ.

Жылыту маусымына дайындық аясында өңірдегі энергия көздерінде 37 негізгі жабдық бірлігіне жөндеу жүргізілді, 2115 шақырым электр желілері жаңартылды және 31,1 шақырым жылу желісі жөнделді. Павлодар облысындағы желілердің тозу деңгейі 79,7%-дан 78,2%-ға дейін төмендеді.

Өңірдегі 394 қазандық дер кезінде іске қосылды, көмір жоспарлы түрде жеткізіліп жатыр. Павлодар облысының теміржол тұйықтарына шамамен 40 мың тонна отын жеткізілді, оның 11 мың тоннадан астамы – Павлодар қаласына. Көмір жеткізу бюджет ұйымдары мен тұрғындарға да тұрақты жүргізілуде, отын тапшылығы байқалмайды. Баға тұрақтылығын сақтау және көмір тапшылығына жол бермеу мақсатында энергетика және ТКШ басқармасы мен өңірдің ірі көмір өндіруші кәсіпорындары арасында жыл соңына дейін күшінде болатын ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.