Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында Республика күніне орай 1 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды

Павлодар облысында Республика күніне орай 1 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды

Oct 22, 2025 | Жаңалықтар


Өңір тұрғындары үшін түрлі патриоттық акциялар мен мәдени-көпшілік іс-шаралар дайындалды.

Республика күнін мерекелеу туралы @pavlodar.rsk алаңында Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Әлнұр Сейдуманов айтып берді. Павлодар облысының мектептерінде арнайы көрмелер ұйымдастырылып, «Республика – менің мақтанышым!» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілуде. 23 қазанда өңірде бірден үш байқаудың – «Тәуелсіздік ұрпақтары», «Кәсіп жұлдызы – 2025» және «Тәуелсіздік ұланы» байқауларының қорытындысы шығарылады.

– Біздің мақсатымыз – азаматтардың патриоттық сезімін арттыру, ұлттық бірлікті нығайту және мемлекеттік рәміздер мен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу, – деді спикер. – 25 қазанда сағат 11.30-да Павлодардағы Мемлекеттік рәміздер алаңында құрметті азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, ҚХА мүшелерінің және басқа да қоғам өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтеді. Дәстүр бойынша бұл іс-шара қалалар мен аудандардың орталық алаңдарында да өткізіледі. Сондай-ақ мереке күні қалалар мен аудандарда жалпыхалықтық мерекелік іс-шаралар болады.

1 қазаннан 30 қазанға дейін Павлодар облысында «Small», «Greenwich», «Inmart» және «Ваш» сауда желілері қолдау көрсеткен «Береке fest» акциясы өтуде. Сатып алушылар үшін отандық тауар өндірушілердің тауарлары нарықтық бағадан 5-10%-ға төмен бағамен сатылатын арнайы аймақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 24-27 қазан аралығында ірі электрондық сауда субъектілері – «Kaspi», «Teez», «Halyk market», «Mechta» және «Технодоммен» онлайн-акция өткізіледі. Ол 50%-ға дейінгі жеңілдіктерді көздейді.

25 қазанда бүкіл өңір аумағында кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Павлодардағы «Jailau» базарында жәрмеңкеге Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты, Ертіс, Успен, сондай-ақ Аққулы және Тереңкөл аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады. Екібастұз, Ақсу қалаларында және ауылдарда өздерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері болады. 26 қазанда Усольский, «Достық» шағын ауданында, Химқалашықтарда, сондай-ақ «Ласточка» ауданында көшпелі жәрмеңкелер өтеді.