Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Заң және тәртіп: Павлодар облысында қаржылық пирамида құрбандарының әлеуметтік портреті жасалды

Заң және тәртіп: Павлодар облысында қаржылық пирамида құрбандарының әлеуметтік портреті жасалды

May 29, 2025 | Жаңалықтар


Мамандардың айтуынша, қаржылық пирамидаға ақша салатын адамдарды көбінесе тез әрі оңай табыс табуға деген ұмтылыс жетелейді.

Жыл басынан бері өңірде қаржылық пирамидаларды ұйымдастыру және басқару фактілері бойынша төрт қылмыстық іс қозғалды. Алаяқтық схемалардың кеңінен белгілі болғанына қарамастан, адамдар неге әлі күнге дейін қылмыскерлердің құрбанына айналатынын Экономикалық тергеу департаментінің мамандары түсіндіріп берді.

– Өкінішке қарай, адамдар әлі де жеңіл жолмен ақша табуға ұмтылады, – деді @pavlodar.rsk алаңында Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Галиасқар Қасымов. – Мысалы, бір адам қаржылық пирамидаға 1 миллион теңге салып, біраз уақыттан кейін үстінен 700 мың теңге сыйақы алды. Кейін ол бұл жайлы досына айтты, досы – бауырына, бауыры – басқа біреуге айтып, осылайша тізбек жалғаса береді. Адамдар тез әрі оңай табыс табу үшін ақша салады. Бұған қоса, салымшыларды қымбат сыйлықтармен – смартфондармен, автокөліктермен, ақшалай марапаттармен қызықтырады. Қаржылық пирамидалардың ұйымдастырушылары өзін ірі кәсіпкер ретінде көрсетеді: түрлі тренингтер өткізеді, мейрамханаларды жалға алып, фуршеттер ұйымдастырады, жұлдыздарды шақырады. Мұның бәрі адамдардың көзін байлау үшін жасалады, ал олар соңында бар жиған-тергенін береді. Тіпті кейбір құрбандар бізге таптанып, үй-күйсіз келген жағдайлар да болды.

Әдетте алаяқтардың арбауына орта және егде жастағы ерлер мен әйелдер түседі. Олардың басым бөлігі – жұмыссыз, жоғары білімі жоқ азаматтар.