Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында 214 ауыл талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етіледі

Павлодар облысында 214 ауыл талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етіледі

Dec 11, 2024 | Жаңалықтар


Бұл жоспарды алдағы үш жылда «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асыруды көздеп отырмыз.

Цифрлық технология бөлімінің басшысы Ағыбай Әмірин ауылдық елді мекендерде сапалы коммуникацияның қалай жолға қойылатындығын айтты. Ол бүгінде байланыс операторларының халқы 250 адамнан аз ауылдарда жұмыс істеуден бас тартып отырғанын еске салды. Сондықтан талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартуды көздейтін «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы ұсынылды.

– Ұлттық жоба аясында 214 ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жоспарлануда, – деп атап өтті спикер @pavlodar.rsk. алаңында. – 2025 жылы бұл – 83 ауыл, 2026 жылы – 90 ауыл, 2027 жылы – 41 ауыл. 2027 жылға қарай елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту 99 пайызды құрауы тиіс.

Сонымен қатар, арнайы жол картасы аясында Beeline және Tele2 операторлары 250-ден астам тұрғыны бар 21 ауылды мобильді интернетпен қамту міндетін алды. Биылдың өзінде Аққулы ауданы Жамбыл ауылы мен Ертіс ауданы Луговое ауылында базалық станциялар іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы бес ауылдық елді мекенде базалық станцияны іске қосу жоспарлануда. Қалған ауылдар бойынша жұмыстарды 2025 жылдың 2 тоқсанында аяқтау жоспарлануда.

Нейрондық желі арқылы жасалған фотосурет