Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Аққулы ауданының 10 ауылында бонустық аударым арқылы бірден футбол және ойын алаңдары салынды

Аққулы ауданының 10 ауылында бонустық аударым арқылы бірден футбол және ойын алаңдары салынды

Nov 14, 2024 | Жаңалықтар


Бүгін ауданның қалай дамып жатқаны туралы @pavlodar.rsk алаңында аудан әкімі Руслан Мұқанов пайымдады.

Биыл облыс қазынасынан барлық ауыл-аймақтарға бонустық трансферттер берілді. Оның үстіне трансферттің мөлшері белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірліктегі халық санына байланысты болды. Аққулы ауданында шағын ауылдарды абаттандыруға жоғары тұрған бюджеттен қаржы бөлу туралы шешім қабылданды.

– Қызылқоғам, Әйтей, Жабағылы, Төсағаш, Тәкір, Шәмші, Бесқарағай, Майқарағай, Шақа және Қазантай 10 ауылда шағын футбол және балалар алаңдары орнатылды, – деді аудан басшысы Руслан Мұқанов. – Сонымен қатар, Аққулы ауылындағы үш көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, екі көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ облыс орталығында волейбол, футбол және баскетбол ойнауға арналған «Жігер» спорт алаңы салынды.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында облыста Қарақала ауылы түрленді. Онда жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын төрт көше жөнделсе, «Айгөлек» балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте ауылда дене шынықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Жоба 95 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстарының баяу жүруіне байланысты әкімдік мердігерді сотқа берді.