Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында жыл басынан бері кәсіпкерлікке 105 жер телімі берілген

Павлодар облысында жыл басынан бері кәсіпкерлікке 105 жер телімі берілген

Oct 23, 2024 | Жаңалықтар


Облыстық жерге орналастыру қызметі елді мекендердегі жерлерді коммерциялық мақсатқа беру тәртібін еске салды.

@pavlodar.rsk алаңында жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Хамитов сөз сөйледі. Ол мемлекеттік мүлік тізілімінің www.sauda.e-qazyna.kz веб-порталында қалалар мен ауылдар ішіндегі жер телімдері әлі де аукцион арқылы берілетінін атап өтті.

– Аукцион ағылшын әдісімен, яғни бағаны көтерумен өтіп жатыр, – деді спикер. – Жеңімпазды анықтаудың басты өлшемі – қатысушылар ұсынған баға.

Жыл басынан бері Павлодар облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктері 35 аукцион өткізді. Барлығы 240 миллион теңгеден астам қаржыға 190 гектар 105 жер телімі берілді.