Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарда трамвай желісі шамамен 5 шақырымға ұлғайтылады

Павлодарда трамвай желісі шамамен 5 шақырымға ұлғайтылады

Sep 4, 2024 | Жаңалықтар


Сондай-ақ трамвай бөлімі үшін жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында 25 жаңа вагон сатып алынады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нариман Омар @pavlodar.rsk алаңында трамвай желісін дамыту туралы айтты. Бастапқыда трамвай желісін Естая және Малайсары батыр көшелерімен Шығыс ықшамауданына қарай бағыттау жоспарланған болатын. Дегенмен, жобалау кезеңінде жерасты коммуникацияларына байланысты бұл идеядан бас тарту туралы шешім қабылданды.

– Бүгінгі таңда трамвай желілерін «Достық» шағын ауданына дейін 4,7 шақырымға ұзарту жоспарлануда, – деп түсіндірді спикер. – Тиісті жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Болашақ бағыттардың бойымен өтетін жер телімдері сатып алынған кезде жоба сараптамаға жіберіледі. Одан кейін желілерді салуға бюджеттік өтінім беріледі.

Жылжымалы құрамға келетін болсақ, трамвай бөлімі энергияны үнемдейтін 25 жаңа вагон сатып алуды жоспарлап отыр. Қазір тұтынушы нарықты баға/сапа бойынша зерттеп жатыр, содан кейін сатып алулар туралы хабарланады. Бүгінде трамвай депосында 100-ден астам вагон бар.